Атырау, 23 қараша 22:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі - Парламент

4 055 просмотра
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Хаттамаға былтырғы жылдың маусымында екі елдің мемлекет басшылары Астанада қол қойған болатын. Бұл ретте шарттың қолдану мерзімін ұзартудың объективті қажеттілігі және Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығының дамуы мен интеграциялық бірлестіктердің құрылуы ескеріле отырып, құжаттың бірқатар баптары өзекті сипат беруге бағытталған.

Аталған шарт екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі ережелері, сондай-ақ интеграциялық бірігулер шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетілген Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі басты құжат болып табылады. Хаттама бойынша шарттың мәтініне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, 34-баптың жаңа редакциясымен екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық салалары едәуір кеңейтіледі. Халықаралық қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, қаруды және есірткіні таратуға, контрабандаға және мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы күреспен қатар, заңсыз көші-қон, адам саудасы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық тереңдей түседі.

Дереккөз: inform.kz

 

13 маусым 2013, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.