Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, кеше кешкісін Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Алатау елді мекенінің шет жағындағы саяжайда тұратын азаматтардың бірі полицияға хабарласып, көршісінің ары-бері өткен адамдарға балта ала жүгіргендігін хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны тыныштандыруға тырысқан. Алайда олардың сөзіне құлақ аспаған бұзақы үйіне кіріп кетіп, іле-шала мылтық алып шыққан. Осыдан кейін инспекторға қарата оқ атқан. Жарақат алған полиция ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар қарулы азамат көмекке келген полиция қызметкерлеріне қарата тағы да екі мәрте оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Қылмыскерді ұстау үшін арнайы топ құрылып, олар саябақ аумағындағы 174 үйді тінтіген. Сондай саяжай үйлерінің біріне кіреберісте күдікті атып шығып, полиция қызметкерін атқан. Оқ тиген полиция сол жерде ажал құшты. Осыдан кейін шұғыл әрекет ету арнайы отряды оған қарсы оқ атуға мәжбүр болды.
Аңшы мылтығы алынып, азаматтың аты-жөні анықталды. Қарасай ауданының 63 жастағы тұрғынының саяжай алабында жалғыз тұратындығы белгілі болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның шығу төркін анықтауға қажетті барлық тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: inform.kz