Атырау, 26 желтоқсан 15:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мәжіліс Президенттің қарсылығымен келісті

2 050 просмотра

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, бірінші болып, Мәжіліс Президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов жеткізген, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының, 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын қарады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының, 1-тармағы бойынша қарсылығын қарсы тұруға болмайды деп есептеу жөнінде қаулы қабылданды.

Осыған орай, Елбасы ұсынған заң жобасы түзетуге алынды, соған сәйкес, зейнет жасын кезең бойынша өсіруді 2014-жылдың, 1-қаңтарынан емес, 2018-жылдың, 1-қаңтарынан бастау көзделіп отыр.

Дереккөз: bnews.kz

12 маусым 2013, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.