Атырау, 8 қазан 20:08
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Түркиядағы отандық туристердің қалған бөлігі үшін ҚР ТЖМ-нің ұшақтары аттандырылмайтын болды

1 690 просмотра
АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 10 маусым күні Түркияда қалып қойған қазақстандық туристердің кезекті легін елге жеткізу үшін ҚР ТЖМ-нің ұшағы жолға әзірленді.

Бірақ іс-шаралар тоқтатылды: Еліміздің елшісі ҚР Үкіметі атынан түрік тарапымен жүргізген ұзақ келіссөздерден кейін, банкротқа ұшыраған «Sky Airlines» компаниясының орындалмаған барлық рейстерін түріктің «Pegasus» әуе тасымалдаушысы орындайтыны туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан туристік қауымдастығының (ҚТҚ) президенті Роза Асанбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, кеше түнде 165 жолаушы, соның ішінде 5 бала елге табан тіреді.

«Бүгінгі таңда саяхатшылар үйлеріне жетті. Сонымен қатар бүгін, түнгі сағат 00.20-да Алматыға «Pegasus» әуе компаниясының ұшағы 211 адамды жеткізеді. Астанаға 11.30-да банкротқа ұшыраған «Sky Airlines»-тың міндеттемелері бойынша рейсті орындайтын ұшақ келіп қонды»,- деді Р.Асанбаева.

Қауымдастық президенті атап өткендей, «Sky Airlines» компаниясының орындалмаған міндеттемелерінен жапа шеккен жолаушыларға қазақстандық ТЖМ қолғабыс етті.«Өткен демалыс күндері ТЖМ 200-ге жуық туристі елге жеткізді», - деп атап өтті ол.

Дереккөз: inform.kz

 

11 маусым 2013, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.