Атырау, 11 желтоқсан 11:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қарызың болса, демалысты ойламай-ақ қой!

1 751 просмотра

Қазақстанда борышкерлерге жаңа бөгет табылды. Биыл жазда демалысқа баратын отандастарымыздың мемлекет алдындағы қарызы бар болса, елден ешқайда шығарылмайды.

Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің мәліметінше тек осы қалада 55 мың азамат қара тізімге іліккен. Сот орындаушылары жақында еліміздің туристік компаниялар қауымдастығына тиісті хат жолдады. Бұл құлақтандыруда мемлекеттік орган қарызға батқандарға туристік жолдамалар бермеу туралы өтініш жасаған.

Өз кезегінде, қауымдастық өкілдері де бірігіп жұмыс істеуге келісіп отыр. Алдағы күндері тараптар арнайы рейд ұйымдастырып, борышкерлерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескертулер жасамақшы.

Сонымен қатар, бұл мәселе теміржолдар мен әуежайлардағы шекара қызметімен де келісілетін болады. Кез-келген Қазақстан азаматы шетелге шықпас бұрын, өзінің мемлекеттік органдар алдында қарызы бар-жоғын «e-Gov.kz» сайтынан біле алады.

Рашида Шәйкенова, Қазақстан туристік компаниялар қауымдастығының директоры:

Ол жерде алименттік қарызы, несиелік, тіпті коммуналдық борышы бар азаматтар да елден тысқары шығуға болмайтындығы туралы айтылған. Бүгіннен бастап біз сот орындаушылармен арадағы келісім бойынша туристік жолдама алушыларға қарызын төлеу туралы ескертулер жасаймыз. Енді барлық туристік агенттіктердің хабарландыру тақтасына осындай ақпараттар ілінетін болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

Дереккөз: Астана телеарнасы

7 маусым 2013, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.