АСТАНА, 6 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Ақмола облысындағы аудандық сот ғимаратын өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды , деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының ресми өкілі Тасболат Мұстафин.
Бейсенбіге қараған түсні Атбасар АІІБ кезекші бөліміне аудандық сот ғимаратын күзететін полицей хабарласып, белгісіз біреулер терезеден кеңсе бөлмесі мен сот отырысы залына жанар май құйылған бөтелке лақтырғанын айтқан. Нәтижесінде кеңсенің едені өртене бастаған, ал сот отырысы залында өрт болған жоқ. Бұған қоса көрші ғимаратта орналасқан аудандық прокуратура ғимаратына да осындай бөтелке лақтырылды. Алайда терезе сынбай, бөтелке ғимарат ішіне түскен жоқ.
«ТЖ тергеу аясында 187-баптың 2-бөлігі (Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалауды қарастырады», - деді Мустафин.
Оның айтуынша, тергеу барысыныда өзге де баптар бойынша қылмыстық істің қозғалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Дереккөз: newskaz.kz