Атырау, 23 қараша 19:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Италияда Мұхтар Әбiләзовтi iздеп-табу бойынша шұғыл шаралар өткізілуде - ҚР Бас прокуроры

1 712 просмотра
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Италияда Мұхтар Әбiләзовтi iздеп-табу бойынша шұғыл шаралар өткізілуде.

Бұл туралы бүгiн журналистерге ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлiм еттi.

"Бүгiнгi таңда Италияның құқық қорғау органдары Әбiләзовтi және өзге де жасырынып жүрген тұлғаларды iздестiру және ұстау бойынша жедел-iздестiру iс-шарасын жүргiзуде. Егер бiз олардың орналасқан жерлерiн анықтайтын болсақ, онда оларды ұстап, ҚР аумағына жiберу бойынша барлық қажеттi шараларды атқаратын боламыз. Мәселен, бiрер күндер бұрын Испания жерiнде Александр Павлов ұсталған болатын. Ол ҚР аумағында ауыр экономикалық қылмыстар жасады және елiмiзде лаңкестiк актiлердi ұйымдастырмақ болды деп айыпталуда", - дедi А.Дауылбаев.

Еске сала кетейiк, Мұхтар Әбiләзов БТА банкi салымшыларының миллиардтаған қаржысын жымқырып, Еуропаға қашып кеткен болатын. Оның елдi тастап кетуiне Әбiләзовтің күзетшiсi А. Павлов көмектескен және олар Қазақстанда бiрнеше лаңкестiк актiні ұйымдастыруды жоспарлаған. Мұхтар Әбләзовтің банктен ұрлаған ақшасы 83 миллиард теңгені құрайды. Ақшаны жымқыру үшін 9 жалған серіктестік құрылған, бұл істер 2005 жылдан басталды.

Қазір ведомствоаралық тергеу тобы «Интерпол» сияқты өзге елдердің құқық қорғау органдарымен күдіктілерді іздестіріп жатыр. Мұхтар Әбіләзовтің қаражатты заңсыз иелену әрекеттеріне қатысты Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары да қылмыстық іс қозғады.

Әбіләзовтің меншігіндегі 136 жер телімі, 924 пәтері, 3 ұшағы мен 83 автокөлігі де сол соттың шешімінен кейін «БТА Банкіне» қайтарылуы мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

6 маусым 2013, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.