Қазақстан парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі парламенттен.
Құжаттың басты мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасау болып табылады. Бұл ретте жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалар тұрғындарының рөлін арттыру көзделеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жиналыстарын, жиындарын қалыптастыру, өткізу және құзыретін реттеу, жиналыста жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыруды міндетті түрде талқылау шаралары қарастырылады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.
В Атырау +4