Атырау, 23 қараша 20:31
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәжіліс шекарада РФ-мен бірлесіп бақылау туралы келісімді ратификациялады

2 680 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей  мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық туралы осы келісімге 2009 жылдың қыркүйегінде Орынбор қаласында қол қойылған. Аталған құжатта формальдылықтар мен бақылау ұзақтығын қысқарту, сондай-ақ оның тиімділігін жеке тұлғалар мен көлік құралдарының Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өтуі кезінде бірлескен бақылауды жүргізу жолымен арттыру көзделеді.

Бұл ретте екі тараптың бақылау органдары заңнамалық бұзулар немесе бұзуға әрекеттенулер фактісін растау үшін дәлелдемелер жинауды қамтамасыз ету мақсатында бір-біріне қажетті көмек көрсетеді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

5 маусым 2013, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.