Қазақстанда отандық арналарға интернетте хабар таратуға мүмкіндік беретін жоба және арнайы мобильдік қосалқы бағдарлама әзірленді. Бұл туралы бүгін «Телерадиохабар тарату туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мәселелерін талқылау барысында «Қазтелерадио» басшысы Абай Қадырәлиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта жаңа интернет-хабар тарату түрін енгізу жобасы дайын болып қалды. Осы қызметтің арқасында қазақстандық телеарналарға тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез келген нүктесінде қосылуға мүмкіндік туады», - деп атап өтті А.Қадырәлиев.
«Қазір біз оған арнайы мобильдік қосымшасын дайындап жатырмыз. Соның арқасында кез келген адам қай жерде интернетке қосылуға мүмкіндік болса, сол жерден қазақстандық арналарға қосыла алады», - деп қосты ол.
Сонымен қатар «Қазтелерадио» телегазет жасау ұсынысын айтты. «Бұл ауылдық елді мекендер үшін әсіресе өзекті. Әдетте газет кешігіп жететін ауылдар жаңалықтарды өз теледидарларынан оқи алады», - деп атап өтті А.Қадырәлиев.
Дереккөз: bnews.kz