Қалалық прокуратураның тексеру жұмыстары барысында Геолог ықшамаудандағы емхананың бас дәрігері 51 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені анықталды.
Біздің дереккөзімізше, бас дәрігер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігімен («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.
Белгілі болғандай, медицина қызметкерлері бас дәрігердің әрекетіне қатысты әлденеше рет наразылық білдірген. Бірақ кейбір қоғамдық белсенділер оны қорғаған еді. Тергеу органдарының тексеруіне емхана қызметкерлерінің жаппай шағымдануы себеп болған секілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ