Атырау, 11 қазан 10:36
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстан мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде

3 398 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА, 4 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде.

1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстан президентінің 2007 жылғы жарлығына сәйкес 4 маусым елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтілуде. 

Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа Тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. Сондай-ақ 1992 жылы республикамыз Әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Қазақстанның тұңғыш Әнұраны әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан халық арасында кең танымал болған патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Оның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: newskaz.kz

4 маусым 2013, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.