Алғашқы күнде ҰБТ 56 пунктте өткізіліп, оған 25 756 түлек қатысатын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Астанада ҰБТ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтеді. Алғашқы күнде ҰБТ-ны 2 мың елордалық түлек тапсыратын болады.
ҰБТ-ның әрбір пунктінде мемлекеттік комиссиялар, апелляциялық комиссиялар жұмыс істеуде. Министрлік жанынан Республикалық апелляциялық комиссия құрылды.
Өңірлерде жергілкті атқарушы органдар мен мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін барлық жағдайларды жасады.
Дереккөз: inform.kz