Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын әрқашан қолдаған, қолдайды да. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу осылай айтты.
«Осы орайда атап өтер жәйт, бүгінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу келісімі бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер маңызды мәселелерді талқылауға дейін жетті. Жақын арада біз аталған құжатты рәсімдеуді көздейміз. Содан бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толдық мүшесі бола алады», - дейді Жозе Мануэль Баррозу. Еуропалық комиссияның төрағасы атап көрсеткендей, Еуропалық одақтың өзі Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуына мүдделі. «Себебі осының арқасында екіжақты сауда-экономикалық байланыстар нығая түседі», - деді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат