Атырау, 27 шілде 07:40
 ашықВ Атырау +28
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Балық өсірушілерге 2,6 пайызбен бюджеттік несие берілмек

447 просмотра
Сурет: "Айқын" ақпарат

Елімізде балық өсіру бағытындағы инвестициялық жобаларға 2,6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ауыл шаруашылығын қаржыландыруды 2 есеге арттыруды, оның ішінде инвестициялық жобаларға жеңілдетілген кредиттер көлемін 800 млрд теңгеге дейін жеткізуді тапсырды. Осыған орай қазіргі уақытта балық шаруашылығын дамытудың жүйелі мәселелерін шешу үшін белсенді жұмыс басталды. Атап айтқанда, бірінші акваөсіру саласында субсидиялар беруді бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеге көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді комитет төрағасы Мәжілістегі «Аквашарушылық туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, бұл субсидия алушылар үшін оны тегін пайдалануға және бизнестің артық шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді. 

«Екінші, бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың бастамашылары көбінесе жеңіл несиеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан, олар жобаларын тоқтатып, уақыт жоғалтуға мәжбүр. Бұл үшін сенім білдірген агент арқылы 2,6 пайыздық төмендетілген мөлшерлемемен инвестициялық жобаларға бюджеттік несие беруге қаражат бөлінетін болады. Бүгінде министрліктің ережелеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Қаржы миинстрлігіне тиісті бюджеттік өтінім жолданды», - деді ол. 

Комитет төрағасының айтуынша, үшіншіден, балық өсіруге арналған негізгі компоненттерге төленетін субсидиялардың шекті бағалары олардың қолданыстағы нарықтық бағаларына сәйкес келмейді. Дәл осы жайт бизнес үшін өзекті мәселе болып тұр. 

«Бұл нақты салынған қаражаттың 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемінде өтем алуға мүмкіндік бермейді. Осы мәселені шешу үшін қолданыстағы субсидиялау ережелерінде бағаларды жаңарту және тәртіпті дұрыстау бойынша өзгерістер енгізіп жатырмыз.», - деді Нариман Жүнісов.

22 ақпан, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.