Қазақмыс Тобы Мansfelder Kupfer und Messing GmbH компаниясын (әрі қарай «MKM») €42 млн-ға еуропалық компанияға сатқандығын хабарлайды.
«Осы мәміленің нәтижесінде Қазақмыс €42 млн. алады, оның ішінде €12 млн-ы мерзімі ұзартылып өтелмек. МКМ €137 млн. болатын қарызымен бірге сатылды. 2013 жылы Қазақмыс Тобына МКМ-нан €10 млн. мөлшерінде үлесақы төленген болатын»,-делінген хабарламада.
MKM – Топтың мыстан жартылай өңделген өнімдерді жасаумен айналысатын Германиядағы бөлімшесі. МКМ бөлімшесі Қазақмыс тобының құрамына Лондон қор биржасындағы листингке дейін, яғни 2004 жылы енді және 2010 жылы жарияланғандай, негізгі емес бизнес ретінде жіктелді.
Топтың Басқарушы бас директоры Олег Новачук мынадай мәлімдеме жасады: «MKM жақсы дамып келе жатқан бизнес болып саналады, алайда Тобымызды Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші компания ретінде дамытудың стратегиясына сай келмейді. Біз МКМ кәсіпорнының осы бизнеске берілген компанияға сатылғанына қуаныштымыз. Бұл келісім сол кәсіпорынның клиенттері мен қызметкерлерінің үздік мүдделеріне сай келеді. Біз МКМ компаниясының өркендеп, әрі қарай дамуына тілектеспіз».
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.