Атырау, 26 желтоқсан 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Никотинді витаминге алмастыр

5 035 просмотра

Қыс мезгілінің басталуы – студенттер үшін қызықты оқиғамен есте қалды. Атыраулық үш жоғарғы оқу орындарының аумағында белгісіз біреулер алма таратып жүрді. Кейінірек анықталғандай, қызыл алмаларды кез-келгенге емес, тек шылым шегетіндерге ғана беріпті.

 

Мұнай және Газ институтының аумағына кіре бергенімізде, суықтан тоңып қалған студенттердің шағын тобы қаумалап келіп, біздің темекі шегетін-шекпейтіндігімізді сұрастырып жатты. Біздің темекі тартпайтындығымызды анықтаған соң, олардың бізге деген қызығушылықтары жоғалды. Тиісінше қызыл алмадан да құр қалдық. Алайда айналамызда алма жеп жүргендердің көптігіне қарағанда, студенттер арасында темекі тарту проблемасы өте өзекті болғаны.

Айта кетелік, сол күні «Никотин орнына - витамин» деп аталатын флэш-моб өткізілген. Студент жастардың никотиннен әлсіреген ағзаларына қалай болғанда да демеу болу мақсатында ұйымдастырушылар әкімдіктің қолдауымен жүз келідей алма сатып алған. Сәл кейінірек ішіне студенттерден алынған сигаралармен толтырылып, гелиймен үрілген шарлар аспанға ұшырылды. Барлығы шаттанып, алақандарын шапалақтады. Ал ғимараттың артындағы бұрышта бұрынғыша темекі түтіні шығып жатты. Ол түсінікті де, тек бір флэш-мобпен одан құтыла қою оңай шаруа емес-тін.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.