Атырау, 18 желтоқсан 15:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қаржылай сауаттылыққа үйрететін курсқа тіркеу басталды

776 просмотра
freepik.com


Елімізде, соның ішінде Атырау облысында 5 ақпаннан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылай қиындықта жүрген тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға арналған тегін оқыту курстары басталады. 

Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асырылуда. Өтінімдерді қабылдау 29 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімді тұрғындар тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңсесіне хабарласу арқылы бере алады. 

- Оқыту 5 күнге созылады. Осы уақыт ішінде курстан өткен тұрғындаротбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарды басқаруды, және несиелердің, депозиттердің тиімдішарттарымен танысып, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренетін болады. Қазіргі кезде Атырау қаласы мен аудандарына республикадан 8 тренер келеді деп күтілуде. Тренингтердің өтетін жерін жергілікті әкімдік ұйымдастырады, - деді «AMANAT» партиясы АОФ атқарушы хатшысы Абдолла ИДРЕСОВ.

Айта кетейік «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқыту былтыр еліміздің сегіз өңірінде ұйымдастырылып 65 000 адам оқудан өткен. Атырау облысында бірінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары тұрғындарға жеке консультациялар өткізіп, қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. 

Өз қаржысын меңгеруді кез келген адам үйрене алады.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 қаңтар, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.