Атырау, 18 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Қолма-қол ақшалай төлем жасау бойынша Атырау облысы көш бастап тұр

843 просмотра
freepik.com 

Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 9,9 пайыз болған.

Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халық үлесі 60 пайызға жуықтайды.

Қолма-қол ақша аймақтарда жиі қолданылады:

  • қолма-қол ақшалай төлемдердің 81 пайызы Атырау облысына тиесілі;
  • Павлодарда – 77 пайыз;
  • Батыс Қазақстан бойынша – 74 пайыз;
  • ең азы – Алматыда, 36 пайыз;
  • шағын елді мекендерде (68 пайыз) қалаларға (54 пайыз) қарағанда қолма-қол ақшаны жиі пайдаланады.
"Негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылатынын, сондай-ақ тұрақты интернеттің болуына және смартфондарды пайдалануға тәуелділігін ескере отырып, өңірлерде қолма-қол ақша өзекті болып қала береді.
Сонымен қатар, халықтың 72 пайызға жуығы қолма-қол ақша алу үшін банк картасын пайдаланады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қолма-қол ақшаның халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтайтынын көрсетті", - деп атап өтті Ұлттық банк.
10 қаңтар, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.