Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директордың тағайындалғаны туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ғалымжан Жусанбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.
abai.kz мәліметі бойынша, Ғалымжан Жусанбаев мұнай-химия саласында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Сол жылдары «ТЭК-Алматы» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да мұнай өнімдері мен көмір жеткізумен айналысты.
«SAT Operating Aktau» ЖШС мұнай-химия зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-да бас директор қызметтерін атқарған. 2010-2011 жылдары Қазақстан-Иран елшілігінде мұнай-химия саласын дамытуға атсалысып, елшінің экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2011 жылы мұнай және мұнай өнімдерін сақтаумен айналысатын «Petro Export» ЖШС-не директордың коммерциялық мәселелер бойынша кеңесшісі болып жұмысқа орналасты.