Атырау, 18 желтоқсан 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысының фермерлерімен АӨК өзекті мәселелерін талқылады

Сурет
1 321 просмотра

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бірнеше кәсіпорында болып, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Вице-министрдің сапары Атырау облысындағы Республикалық ветеринариялық зертхана филиалына барудан басталды. Аманғали Бердалин мамандармен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларының ауруы бойынша ең қолайлы емес жағдайды ескеріп, ветеринариялық қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Облыс фермерлерімен кездесуде Аманғали Бердалин өткен жылы атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Егін жинау кезінде болған барлық қиындықтарға қарамастан, аймақта 102 мың тоннаға жуық көкөніс дақылдары 46 мың тоннадан астам бақша дақылдары мен 30 мың тонна картоп жиналды. Ал, қысқы мал азығы үшін 517 мың тонна шөп дайындалған.

Сапардың басты мақсаттарының бірі шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру болды. Мәселен, 2023 жылы Атырау облысының АӨК-не 4,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 657,5 млн теңге, мал шаруашылығына – 3,1 млрд теңге, қаржы құралдарына-1,1 млрд теңге бағытталды. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша өңірге 1,5 млрд теңге бөлінді, бұл шаруаларға 60-қа жуық несие беруге мүмкіндік берді. Бекітілген инвестициялық жобалардың Жол картасы аясында 2023 жылы өңірде 320 млн теңгеге 2 жоба жүзеге асты. 2024 жылға 19,5 млрд теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Жекеден мемлекеттік Gosagro.kz жүйеге көшудің арқасында фермерлерді қолдау шаралары артты және олардың шығындары қысқартылды. Субсидиялардың қолжетімді ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін "күту парақтары" енгізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы фермерлерге арзандатылған дизель отынын бөлу процесі толығымен автоматтандырылды. Аманғали Бердалин АӨК субсидиялау аясында фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетілетініне атап өтті.

Өз тарапынан фермерлер вице-министрден қайтадан Қытайға ет экспорты қашан басталатынын сұрады. Аманғали Бердалин көрші елдің Бас кеден басқармасының мамандары 17-24 желтоқсан аралығында ҚР Ветеринариялық қызметіне аудит жүргізетінін жеткізді. Тексеру нәтижесінде қазақстандық етті ҚХР-ға экспорттаудың мүмкіндігі белгілі болады. Одан бөлек, Қазақстанның Иранға өнім экспорттау мүмкіндігі бар екендігін, сол елге сапары кезінде мұздатылған ет экспорты бойынша келісімдер дайындау туралы уағдаластық жасалғанын айтты.

"Қаңтар-қазан айларында Қазақстан 20 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдерін экспорттады. Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер ЕАЭО, ТМД, БАӘ, Жапония, Сауд Арабиясы елдеріне өнімдерін экспорттай алады. Ветеринариялық талаптарды Сингапурмен, Вьетнаммен, Гонконгпен келісу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жақында Ресей Федерациясымен уақытша шектеулерді алып тастау және қазақстандық жануарлардан алынатын өнімдердің экспортын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздердің соңғы кезеңі өтеді", - деді вице-министр Аманғали Бердалин.

«АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығында вице-министрге шырын шығаратын цех пен жылына 50 тонна өнім алынатын бірегей лимонарий жұмысымен танысты.

Сондай-ақ вице-министр салынып жатқан «Aidana Agro» жылыжай кешенінде болды. Жоспар бойынша жылыжайдың жылдық дайын өнім көлемі 3500 тоннаны құрайды. Аманғали Бердалин табиғи жағдайға байланысты қосымша қолдауды қажет ететін өңір үшін екі нысанның да маңыздылығын атап өтті.

Мұнан соң Аманғали Бердалин әртараптандырылған заманауи кәсіпорын "Карат" жеке индустриялық аймағына да барды. Оның құрамына диірмен, "Дәулет Нан" нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт, ауыз су мен макарон өнімдерін шығаратын цех, ет комбинаты мен тігін цехы кіреді. Айта кетейік, консерві цехы күніне 25000 дана өнім шығарады. Жартылай фабрикаттар цехы күн сайын шамамен 400 кг жартылай фабрикаттар мен 2000-2500 дана дайын өнім өндіреді. Вице-министр өндіріске экологиялық таза және табиғи өнімдерді пайдаланатын индустриялық аймақтың жұмысын жоғары бағалады.

"Жалпы Атырау облысында табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығы саласына басымдық беріледі. Алайда, егін шаруашылығында да аймақ оң нәтиже көрсететіп келедңі. Сіздер айтқан барлық сұрақтар мен ұсыныстар міндетті түрде министрлік деңгейінде қаралатын болады",-деді вице-министр Аманғали Бердалин.


Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

23 желтоқсан 2023, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.