Атырау, 26 желтоқсан 17:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Марат Қарабаев Атыраудағы теміржол вокзалының жұмысымен танысты

Сурет Бейнежазба
1 371 просмотра

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері көлік министріне объектінің ағымдағы жай-күйі, өткен жылғы жұмыс нәтижелері мен даму перспективалары туралы хабардар етті.

Атырау вокзалы 1972 жылы салынған, жолаушыларға арналған 2 платформасы бар, тәулігіне 2,6 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіледі. Бұл Атырау облысындағы 4 теміржол вокзалының бірі. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Нысанда жолаушылардың қауіпсіздігі жүйесін енгізуге көп көңіл бөлінеді.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан министр темір жолдың әлеуметтік маңызы жоғары екенін, көлік қызметінің сапасына қазақстандықтардың жайлылығы мен өмірі байланысты екенін, сондықтан жолаушылар тасымалы саласы «ҚТЖ» басшылығының назарын күшейтуді талап ететінін атап өтті.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

23 қазан 2023, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.