Атырау, 26 желтоқсан 16:50
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Саябақта жұмыс неге тоқтады?

670 просмотра

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында А.Сарбөпе атындағы саябақтың күрделі жөндеу жұмысына қыруар қаржы бөліне тұрса да, өз мәресіне жетпеді. Екі айдан бері жұмыс мүлдем тоқтап қалған.

Саябақ орталықтағы көрнекі жерде, аудандық әкімшілік ғимаратына қарсы орналасқан. Конкурс қорытындысымен төмендетілген баға ұсынып, 179  млн 681 мың теңгеге мердігер «SK MIRAS LLP» ЖШС ұтып алып, тапсырысшы «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» арасында биыл 14 наурызда келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталып, шілдеде, яғни 2 ай ішінде аяқталуы қажеттігі келісім шартта тайға таңба басқандай көрсетілген. Мердігер саябаққа өрнектас төсеп, су құюға арналған резервуар, тансформатор ғана орнатқан. Содан кейін жұмыс мүлдем тоқтады.

- Мердігер мекеме өрнектас төсеу жұмысын толық аяқтаған жоқ, сонымен бірге ойын алаңы, су бұрқақ жасауы қажет еді, бәрі қалды. Бүгінде жұмысын кешіктірген ЖШС-пен жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа талап арыз бердік, - дейді Миялы округінің әкімі міндетін атқарушы Мақсат ТУКЕНОВ.

Жақында мамандандырылған экономикалық соты «Миялы ауылдық округі аппараты» мемлекеттік мекемесінің талап арызын қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарды. Ал талап қоюшы мердігердің үстінен аппеляциялық шағым түсірді.   

Ляззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор          

27 қазан 2023, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.