«Қазақтелеком» АҚ таяудағы бес жыл ішінде Батыс аймағының телекоммуникациясын дамытуға 10 млрд. теңге салуды жоспарлап отыр. Бұған Атырау облысы да кіреді.
«Қазақтелеком» Атырау филиалының бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМӘЛИЕВТІҢ айтуынша, осы мәселе бойынша компания басшылығының қатысуымен болған көшпелі кеңес Орал қаласында өткен. Облыстың әлеуметтік-демографиялық дамуын талдау есебімен алынған аймақтың телекоммуникациялар жүйелерін дамытудың кешенді бизнес жоспары қаралған. Мұнда Е.Дүйсемәлиев сомалар мен мерзімдердің алдын-ала жасалған мәліметтер екенін атап өтті, олардың өзгеруі әбден мүмкін.
«Қазір Қазақстан жоғарғы жылдамдықтағы Интернеттің енуі бойынша дүние жүзінде 67-ші орында тұр. Ал мақсаты – Оңтүстік Корея деңгейіне қол жеткізу. Онда жоғарғы жылдамдықтағы Интернеттің енуі 92 пайызға жетеді. Егер бұрын клиенттерге кең ауқымды Мегалайн брендіндегі ADSL технологиясы бойынша Интернет қолжетімді болған болса, енді GPON технологиясын енгізу жөніндегі жаңа стратегиялық жоспарды жүзеге асыру әр үйге және әр пәтерге FTTH оптикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жылдамдық 100 мгб-қа дейін көбейеді, байланыс сапасы жақсарып, жаңа қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болады. Бүгінгі күні iDNet – ақпаратты таратудың ең заманауи әдісі», - дейді Е.Дүйсемәлиев.
Атырауда жаңа технологияны енгізу жұмыстары басталып кетті. Бірақ қымбат болғандықтан олар әзірге тек жаңа үйлерде, атап айтқанда, Сырым Датов, Әбдірахманов көшелеріндегі, Алмагүл-2, Пищевик ықшам аудандарындағы үйлерде және т.б. пайдаланылуда.
Зульфия ИСКАЛИЕВА