Атырау, 7 қазан 09:36
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тауар тасымалдаудағы жаңа құжат

3 066 просмотра

Ресей Федерациясы  үкіметінің қаулысымен  үстіміздегі жылдың 8 наурызынан бастап Кедендік Одақ елдерінен тауарды РФ аумағы арқылы әкелу барысындағы құжаттар пакетіне тауарларды тасымалдау есебінің статистикалық формасы енгізілді.

Бізге Атырау облысы бойынша кедендік бақылау  департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл форма Ресейдің Федералдық кедендік қызметінің ресми сайтында (http://www.customs.ru/) сайттың бастапқы бетінің оң жақ бөлігінде орналасқан «статистикалық форманы ұсыну» бөлімінде толтырылады. Сондай-ақ, оны «КО тауарларын тасымалдау есебінің статистикалық формаларының жиынтығы» Ресей Федеральды кедендік қызметі порталында да (https://edata.customs.ru/stat) белгілеуге болады.  

Статистикалық форманы толтыру барысында автоматты түрде тіркеу нөмірі беріледі. Қағаз бетіне жазылған бұл форма Ресей Федерациясы аумағы бойынша өтетін Кедендік одақ елдерінен тауар тасымалдау барысында ілеспе құжат болып табылады. Статистикалық форманы өтініш беруші  Кедендік одақ бойынша тауар тасымалдау алдында, басталғанға дейінгі  15 күннен кешіктірмеуі тиіс. Өтініш беруші ретінде келісім жасаушы тұлға немесе келісім жасаушының атынан, сондай-ақ, тауарды қолдануға және иелік етуге құқығы бар тұлғалар бере алады.

Қателер, нақтылықты талап ететін мәліметтерде жетіспеушіліктер анықталған жағдайда өтініш беруші нақты статистикалық форманы Ресей ФКҚ сайтында ұсынуы керек. Нақты статистикалық форманы қателіктер анықталған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде толтырып беруге тиісті. 

Статистикалық форманы толтыру қажеттілігі транзиттік тауарларды әкелу барысында, сондай-ақ, жеке тұлғалар арқылы жеке қолданыс үшін әкелінетін  тауарларға, дипломатиялық өкілдіктермен елшілік мекемелерге міндетті емес.

Егер өтініш беруші қандай да бір себептермен статистикалық форманы ертерек толтырмаған болса,  онда ол оны тікелей РФ мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қосындарында беру мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін онда интернетке шығу мүмкіндігі және қағазға шығару қондырғысына қосылып, мамандандырылған қондырғылар орнастырылған. 

Қосымша кеңестер алу үшін Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасына мына телефон бойынша хабарласуға болады: 35-41-35. Департамент Абай көшесі, 8 мекен-жайында орналасқан.  

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2011, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.