AZATTYQ.ORG. "Түрмедегі Қайрат Сатыбалды сарайын Назарбаевқа қалай сыйға тартты?" - Азаттық радиосы Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сот үкімімен түрмеге қамалған және тағы бір қылмыстық істе күдікті Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқанын анықтады. Заңға сай ма? Күдіктіні тергеп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің пікірі қандай? Үшқоңыр жайлауындағы 9,5 мың гектар жерді экс-президенттің інісі Болат Назарбаев кімге берді? Азаттық материалда осы сауалдарға жауап іздеді.
"Соғыс және санкция: Қазақстан фирмалары Ресей қорғанысына қалай көмектесіп жатыр?" - Қырғызстан мен Қазақстан компаниялары ресейлік әскери көлік шығаратын кәсіпорындарға санкцияға ілінген, екі мақсатта қолданылатын технологиялар экспорттап келген.
ABAI.KZ. "Жер құпиясын ашқан алғашқы қазақ әйелі кім?" - Жамал Қаңлыбаева – қазақ маркшейдері.