Атырау, 18 желтоқсан 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қоқыс және жарық: дәйек пен дерек

Сурет Бейнежазба
1 529 просмотра

Депутаттар «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің Атыраудағы қоқыс жинау, шығару және жою тарифін көтеру туралы шешімін жариялағаннан кейін бір аптадан бері әлеуметтік желіде тұрмыстық қатты қалдықтардың тарифі электр энергиясының тарифіне «байланады» да, қоқыс үшін төлем жасамағаны үшін жарық сөндіріледі деген әңгіме қызу талқыланып жатыр.

Бастапқыда бұл ақпаратты «Мой родной Атырау» қоғамдық ұйымының қоғам белсенділері таратты, олар оны осы тақырыптағы кездесулердің бірінде Атырау қалалық мәслихатының төрағасы Нұрбол ҚҰРМАННАН өз құлағымен естіген. Бірлестік төрағасы Мира РЫСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, оның қолында бұл сөздерді естігенін растайтын куәгерлерден бөлек аудиожазба да бар екен, бірақ ол бұл аудиожазбаны редакцияға табыс етуден бас тартты.

Десек те, жаңалық халық арасына тарап кетті. Оның үстіне «АтырауЭнергоСату» мен «Арнаулы автобазаның» ресми сайттарында растайтын да, жоққа шығаратын да мәлімдеме жасамағаны жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында «Қазақстан халық партиясы» ҚБ филиалының төрайымы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА аталған екі ұйымға бетпе-бет кездесу ұйымдастырды. Оған «EРЦ Атырау», тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті және БАҚ өкілдері де шақырылып, қатыстырылды.

Жиында «АтырауЭнергоСату» ЖШС заңгері Андрей МЕЛЬНИЧЕНКО жиналғандарға электр энергиясын пайдалану ережелерін, атап айтқанда, электр қуатымен қамтамасыз етуді тоқтату шарттарына қатысты тармақтарды оқып берді. Тоқетерінде кәсіпорынның тұрмыстық қатты қалдықтарды төлемегені үшін жарықты өшіруге құқығы жоқ деді.

Журналистердің неліктен ЖШС қоғамдағы шиеленісті байқаған соң қауесетті ресми мәлімдемемен тоқтатуға тырыспағанын сұраған кезде, ол электр энергиясын пайдалану ережесін бекіту туралы бүкіл ақпарат ЖШС сайтындағы «Заңнама» тарауында бар екенін, оның 7-тармағының 52-тармақшасында жазылғанын, онымен жұртшылықтың таныса алатынын айтты... Сондай-ақ, кез келген абонент «АтырауЭнергоСату» мекемесіне тікелей жүгінген жағдайда кеңес ала алатынын жеткізді. Мельниченко жиынға қатысқан «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының орынбасары Есенжан ШАУДАНОВҚА – «Арнаулы автобаза» қызметкерлері абоненттерге ешқандай қысым жасау тетігі болмаса да («АтырауЭнергоСату» -да бар, олар жарықты ажыратып тастайды), жалған ақпарат таратып, электрмен жабдықтау компаниясының беделін түсірді деген шағымын айтты.

Бұл айыптау Е.Шаудановтың шамына тиді:

 - Иә, бізде сіз сияқты тиімді қысым тетігі жоқ, біз негізінен төлеңіздер деп телефон соғып мазалау сияқты әрекеттермен қызметіміздің ақысын төлеуге көндіреміз...

А.Мельниченко:

– Осы әңгімелердің бірінде сіздің қызметкеріңіз осылай айтқан болар...

-...Біздің қызметкерлер ондай нәрсе айтпайды. Бұл екі бөлек ұйым және қызметтерге ақы әрқайсысына бөлек төленетінін бәріміз жақсы түсінеміз. Тұтынушы біздің қызметімізге телефондағы қосымшалар, банк кассасы мен банкоматтар арқылы қоқыс жинау үшін төлейді. Қалғанының бәрі қауесет пен болжам.

Жиынға қатысқан «ЕРЦ Атырау» менеджері Назерке қатты тұрмыстық қалдықтар мен электр энергиясы үшін есеп айырысу бір-біріне «таңылмай», бөлек төленетінін растады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

21 маусым 2023, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.