Атырау, 18 желтоқсан 15:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жыл басынан бері «Амангелді» кәсіпорны 330 тонна көлемінде балық өнімін шығарды

1 635 просмотра

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін аткарушы Азамат ӘЛІБАЕВ мәлім етті.

241 тоннасы экспортталса, 89 тоннасы ішкі нарықта сатылды. Былтыр 2512 тоннадай өндіріліп, 730 тоннасы экспортталса, 1782 тоннасы ел аумағында сатылған.

Мекеме бойынша 1 500 адам қызмет етеді, оның 1100-і  балық аулайды, қалғандары балық өңдеумен айналысады. Қазіргі таңда «Амангелді атындағы» ЖШС-не қарасты компаниялар тобында екі ірі айлақ пен балық өңдеп дайын өнім шығаруға арналған бір зауыт пен екі цех бар. Сонымен қатар, 20 шағын кеме мен 6 теплоходпен қамтылған.

- Өткен жылдың II жартыжылдығы мен осы жылдың I жартыжылдығында барлығы 4 501 тонна балық ауланды. Одан 2,5 мың тонна салқындатылған балық, 300 тонна балық еті, 350 тонна ысталған, 200 тонна қақталған балық өнімдері шығарылды. Мұның бәрі Атыраудың 28 сауда нүктесінде сатылып жатыр. Сонымен қатар, еліміздің батыс өңірлері мен шет елдерге - Ресей, Әзірбайжан, Украина, Германия, Польша, Румыния, Франция, Латвия, Грузия, Израиль елдеріне экспортталады,-  деді А.Әлібаев.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

25 мамыр 2023, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.