Атырау, 18 желтоқсан 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Құрманғазы ауданының Көнеу ауылында ет өнімдері шығарыла бастады

Сурет
1 304 просмотра

Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округіне қарасты Көнеу елді мекенінен өткен жылы мал сою нысаны бой көтерген болатын. Енді мал етін дайындап, өңдейтін қызмет іске қосылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жеке кәсіпкер ашқан «Дайынов У» әлеуметтік кешенінде барлық жұмыс атқарылады. Кешеннің ішінде мал сою қондырғысы, зертхана, 200 кубтық мұздатқыш камерасы, мал етінен өнім дайындайтын арнайы орын бар. Процесс халықаралық «халал» стандартына негізделген. 

– Тәулігіне 4-5 ірі қара мал қабылдаймызМал сойылып, мұздатқыш камераларына орналастырылады. Бұл жерде екі түрлі тапсырыс бар. Біріншіден адамдар малын осы жерден сойғызып, етін әкете алады. Сонымен қатар, орталық азық-түлік базарында ашылған «Халал ет өнімдері» дүкеніне жібереміз. Мұнда тұрғындардың жоғары сұранысына ие фарш және жартылай дайын өнімдер шығарылады. Атқарылатын жұмыстардың барлығы санитариялық-ветеринарлық талаптарға сай. Бізге ауданнан келетін саудагерлерге малын сойғызуға барлық мүмкіндік қарастырылған- деді мал сою кешенінің директоры Алтынбек ДАЙЫНОВ. 

Оның айтуынша, шаруашылық мақсатында алынған 60 гектар жердің қазіргі таңда 0,2 гектар жеріне мал сою кешені орналасқан. Қалған жерге ат жемдеу орны және мал базарын салу жоспарланып отыр.  

Айта кетейік, аталған кешенде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

23 мамыр 2023, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.