Атырау, 18 желтоқсан 15:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырауда «әлеуметтік» нан 12 пайызға қымбаттады

1 637 просмотра

Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісім-шартқа отырған сауда орындарында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 91 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін ол 82 теңге болған еді.

-  «Желаевский КХП» ЖШС ұн тарту кәсіпорны бірінші сұрыпты ұнның бағасын бір келісі үшін 155 теңгеден сатса, қазір 165 теңгеге дейін көтерді, сондай-ақ «КАРАТ» ЖШС ұнның құнын бір келісі үшін 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтерді. Осылай наубайханалар бағаны өсірді, себебі ұн қымбаттады, электр энергиясының, коммуналдық қызметтердің, жанар-жағармайдың құны өсті, жұмысшылардың жалақысы көтерілді, – деді «Атырау» ӘКК баспасөз қызметі. Десе де, бұл баға басқа дүкендердегі орташа бағадан төмен екенін атап өтті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

11 мамыр 2023, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.