Мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылы маңында қайғылы оқиға орын алды.
Аудандағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылы жастары табиғат аясына демалуға шығады. Неден екені белгісіз, жастар арасында өзара келіспеушілік туындайды. Демалыс орнынан тарағаннан кейін жанжал Жарсуат ауылының шетінде жалғасады. Жанжалдың соңында жақында әскерден келген Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Полиция осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА