Атырау, 18 желтоқсан 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жастардың ​мемлекеттің көмегімен аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік бар

1 362 просмотра

Атырауда шағын несие бойынша өтінім берген 18 үміткердің бизнес-жобасы қаралып, оның 17-сі мақұлданды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті.

- Кәсібін кеңейткісі келетіндердің қатары көп. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімінің өкімімен құрылған комиссия құрамы 18 үміткердің құжатын қарады. Нәтижесінде 17 адамның жобасына несие берілетін болды. Ал, қазір тағы 18 адам жобасын ұсынып, өтінім берді. Бизнес-жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға бағытталған. Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігін, дәлелділігін, экономикалық негізділігін, маңыздылығы мен өміршеңдігін ескере отырып, тиісті шешім қабылдайды,- деді А.Мәмбетов. 

Шағын несиені 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер ала алады, тек өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Несие жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін аралықта 5 миллион теңгеге дейін беріледі. 

Несие алуға өтініш «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облыстық филиалында қабылданады. Мекенжайы: Атырау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 13-а. Байланыс телефоны: 8-701-006-16-46.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

9 мамыр 2023, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.