Атырау, 23 қараша 05:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин «Байқоңырды» қай жағынан болса да ескірген деп санайды

1 709 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин «Байқоңыр» ғарыш айлағы моральдық және материалдық тұрғыдан ескірген деп санайды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Восточный» ғарыш айлағының құрылысына қатысты журналистермен болған баспасөз конференциясында Ресей басшысы салынып жатқан жаңа нысанның өзге елдер де пайдаланатынғына үміттенетіндігін білдірді.
«Мен бұл нысанды біздің мамандарымыз ғана емес, өзге де әріптестеріміз АҚШ, Еуропа мен басқа да елдер пайдаланады деп есептеймін. Сондай-ақ, онда пилотты ракеталар мен оларды ұшыру арқылы қашық ғарышта жұмыс жүргізуді жоспарлаудамыз. Бұл тамаша алаңды біз ұзақ іздеп, дұрыс тайдай білдік» - деп мәлімдеді Путин.
Ал «Байқоңырға» қатысты пікірін, «бұрын қалай пайдалансақ, бұдан былай да солай қолданатын боламыз. Бірақ, Кеңес заманында салынған ғарыш айлағы қай жағынан болса да ескірген. Болашақта «Байқоңырды» қолданыстан шығарып алмай, тиімді пайдалану үшін қазақстандық әріптестерімізбен ақылдасып, кеңесе отырып жұмыс істеуіміз керек» деп білдірді ол өз ойын.
Сонымен қатар, Путиннің айтуынша, «Восточное» алаңынан алғаш ұшыру 2015 жылы жүзеге асуы тиіс екен. Ал 2018 жылға қарай пилотты ұшырулар болса, одан кейінгі кезең 2020 жылға қарай ауырсалмақты ракеталарды ұшыруды қолға алмақ.
- Алғашқы кезде 55 тоннаға дейінгі ракеталарды ұшырамыз деп жоспарлағанбыз. Алайда, мамандар салмақ көлемін ұлғайтуға да зор мүмкіндік бар деп есептейді, - деп атап өтті Ресей президенді.
Естеріңізге сала кетейік, Амур облысында бой көтеріп жатқан «Восточный» ғарыш айлағының құрылысы өткен жылдың 1 маусымында бастау алаған болатын.
Дереккөз:
Baq.kz 

12 сәуір 2013, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.