Қазақстандықтар саяси мемлекеттік қызметшілердің декларацияларын жариялауды міндеттеу және шет елдерде активтерінің бар болуына тыйым салуды қаржы полициясы өзірлеп жатқан «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту арқылы алдын алу, ескерту, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіру бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасына енгізуді ұсынады деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Аталған жаңжобаны жасауға қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды олардың ұсыныстарын жинау арқылы тарту мақсатында Агенттіктің www.finpol.gov.kz ресми сайтында 2 сәуірден 10 сәуірге дейін «Халықтық құқықшығармашылық» атты бөлім жұмыс істеді. Аталған бөлімге әрбір азаматтың өзінің ұсыныстарын көрсете отырып, хабарлама қалдыруға мүмкіншілігі болды.
«Бөлімнің 9 күндік жұмысы барысында азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардан 120-дан астам ұсыныс келіп түсті, олардың өзектілері жұмыс тобының талқылауынан кейін «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту арқылы алдын алу, ескерту, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіру бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасына енгізілетін болады»,-делінген хабарламада.
Жұмыс тобының аса қызығушылығын келесі ұсыныстар туғызды: мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы жетілдіру шаралары; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату; декларацияны тапсыруға міндетті тұлғаларды бекітумен мемлекеттік қызметшілердің шығыстарын міндетті екларациялауды енгізу; саяси мемлекеттік қызметшілердің, оған қоса олардың жанұя мүшелерінің декларацияларын жариялауды міндеттеу; саяси мемлекеттік қызметшілерге, оған қоса олардың жанұя мүшелеріне шет елдерде активтердің бар болуына тыйым салу; соңғы үш жылдағы ортақ жанұялық табыстың мөлшерінен шығыстар көп болған жағдайда, «заңсыз баю» түсінігін және оған сәйкес тәртіптік жауапкершілікті енгізу; айыппұлдың пара сомасына еселену институтын енгізу.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.