Атырау, 30 қараша 10:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Біздікілер Берлинде

2 285 просмотра

9 сәуірде Атырау облысы әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ бастауымен облыс шенеуніктері мен кәсіпкерлерінен құралған атыраулық делегация Германияға аттанды.

Мақсаты- өткен жылғы ҚР Президенті Н. НАЗАРБАЕВ пен Германияның Федералды канцлері Ангела МЕРКЕЛЬ арасында қол жеткізілген әріптестік келісімді тәжірибеде жүзеге асыру. Сапардың ресми бөлігі 10 сәуірде Берлинде Атырау облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетіне арналған қазақстандық-германдық Экономика күніне қатысудан басталды.

Кездесулердің қорытындысында неміс бизнесмендерімен екі жақты экономикалық келісімдерге қол қойылды: облыстық әкімдік пен Greenfortis GmbH компаниясы арасында «жасыл» технологиялар саласында әріптестік; облыстық әкімдік пен Samruk-Green Energy және  KD Stahl und Maschinenbau компаниялары арасында шағын тік жел қондырғыларын жасау бойынша БК құру; «Эко-Техникс» ЖШС мен WS Enegry Gmbh компаниясы арасында мұнай ластануларын жоюға арналған жаңа технологияларын жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапар барысында атыраулық делегация Германияның ірі өнеркәсіп орталықтары – Ганновер мен Гамбургке барады.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

12 сәуір 2013, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.