Атырау, 23 қараша 05:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Facebook-тің негізін қалаушы өз саяси партиясын құрды

2 614 просмотра

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг басқа да интернет-компаниялардың басшыларымен бірлесіп АҚШ-та өз лоббистік тобын құрды. FWD.us деп аталатын ұйымның құрылуы туралы Цукербергтің мақаласы The Washington Post газетінде жарық көрген деп жазады lenta.ru. 

FWD.us міндеттер тізімінің ең басында АҚШ-қа әлдеқайда өнерлі әрі еңбекқор кадрлардың келуін қамтамасыз етуі тиіс иммиграциялық реформа тұр.

Сондай-ақ FWD.us білім беру стандарттарын көтеріп, жақсы ұстаздарға қолдау көрсету және білім беру саласында жаратылыстану ғылымдарын, ғылыми-техникалық білімдер мен матиматика саласын дамытуды көздейді. Жаңа лоббистік топтың үшінші міндеті – әлдеқайда әлеуетті ғылыми жаңалықтарға инвестиция тарту және ғылыми үдерістердің жаңашылдықтарын халық үшін қолжетімді ету. Ал АҚШ пен оның халқының әлемдік экономика айдынындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру FWD.us партиясының жаһандық міндеттерінің бірі болып табылады.

Цукербергтен бөлек, жаңа ұйым құрылтайшыларының қатарында, оның сайтында ілінген мәліметтерге сәйкес, LinkedIn әлеуметтік желісі мен Dropbox қызметінің негізін қалаушылар Рид Хоффман мен Дрю Хьюстон да бар. FWD.us-дің негізгі демеушілері – Google директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Шмидт пен Yahoo-ның бас атқарушы директоры Марисса Майер. Цукербергтің айтуына қарағанда, жоба жақтаушылары «Кремний алқабының кәсіпкерлік дақылдарын жан-жақты дамытып, жүзеге асыру үстінде».

Шартты түрде FWD.us қоғамдық пікір қалыптастырушы әрі салықтан босатылған коммерциялық емес ұйым ретінде қызмет істейтін болады. Соған қарамастан топ лоббилік қызмет атқаруға және саяси науқандарға қатысуға құқылы. The Hill басылымы жазғандай, Цукербергтің бұл «туындысына» ықпалды саяси кеңесшілер, Республикалық әрі Демократиялық партиялардың өкілдері қолдау білдіріпті. Одан бөлек FWD.us «Peck Madigan Jones» және «Fierce, Isakowitz & Blalock» лоббистік фирмаларына арқа сүйейді. Бұл ұйымның қазынасында қанша қаражат барын әзірге ешкім білмейді.

Дереккөз: bnews.kz

12 сәуір 2013, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.