Сурет "Лада" газетінен алындыАқтауда өз әріптесін ұрып өлтірген тәртіп сақшысына қатысты сот үкімі шықты. Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің бұрыңғы бастығы Арыстан Боранов енді алдағы 8 жыл өмірін жалпы режимдегі түрмеде өткізуі тиіс.
Сонымен қатар ол мерт болған Әбдірахман Шәленовтың туыстарына 3 млн теңге моральдық шығынды өтеуі қажет. Ал, адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысқан уақытша ұстау изоляторының күзетшісі Амангелді Қуанышбеков бұзақылық жасағаны үшін 2 жылға темір торға қамалды. Оған да 500 мың теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Естеріңізге салсақ, оқиға былтыр қазан айында орын алған еді. Мейрамханалардың бірінде кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан полицейлер өзара төбелескен. Бастыққа сөз қайтарған Шәленовты кейін бөлімшеге апарып сазайын тарттырмақ болыпты. Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкері сол жерде 3 мертлік биіктіктен құлап, тіл тартпай кеткен. Қылмысы дәлелденгеніне қарамастан айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсірмек.
Дулат Ахмадиев, Арыстан Борановтың адвокаты:
- Шағым жазамыз облыстық сотқа. Көп нәрселер тексерілмеді, көбінесе болжам бір адамның сөзіне қарап қылмысқа тартып отыр. Ал, олар жолдасы. Сыни қарамаған. Сот шешімімен танысқан соң бір шешімге келеміз.
Дереккөз: КТК