Атырау, 7 қараша 02:18
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

«Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

4 795 просмотра

АСТАНА, 11 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталуда, деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі. 

«Ағымдағы жылғы 3 сәуірде 1575 томды құрайтын қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды. 11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-не қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске шығарылды.

Дереккөз: newskaz.kz

 
11 сәуір 2013, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.