Атырау, 23 қараша 05:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Costa Cruises компаниясына 1 млн. еуро айыппұл салынды

1 382 просмотра

Суға батып кеткен Costa Concordia саяхат кемесінің қожайыны Costa Cruises компаниясы 1 млн. еуро көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтін болды.

32 адамның өліміне себеп болған саяхат кемесінің иесіне кесілген жаза осындай. Апат кезінде кеме қызметкерлері ереже бұзып, қателік жіберсе де, кеменің қожайыны қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Естеріңізге салайық, саяхат кемесі былтыр 14 қаңтарда Тиррен теңізінде Джильо аралының маңында суға батқан еді. Апат кезінде кеме бортында 4 мыңнан астам жолаушы болған. Екі адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Дереккөз: 24.kz

 

11 сәуір 2013, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.