Финляндия полициясы Ресей Президентін қателесіп қылмыскерлердің «қара тізіміне» енгізіп жіберген, деп хабарлайды "Эхо-Москвы" радиосы.
Финляндия Ішкі істер министрлігі Ресейдің мемлекет басшысынан ресми түрде кешірім сұрады. Жақында финдардың MTV3 арнасы Путиннің есімі «Түнгі бөрілер» атты байкерлерімен кездесуінен соң қара тізімге алынғанын жариялаған болатын. Батыс елдерінің ақпарат агентіктерінің айтуына қарағанда Путин фин жерінде қандай да бір қылмыс жасады деп айыпталмаса да, оның атын тізімнен алып тастамаған жағдайда Финляндия шекарасына келетін болса оны жергілікті полиция міндетті түрде тұтқындауы керек екен.
Финляндия ішкі істер министрі Пяйви Рясянен Ресейдің мемлекет басшысынан кешірім сұрай отырып, оның есімі «қара тізімге» қалайша еніп кеткенін анықтап, құпия ақпаратты жария еткендерді жауапкершілікке тартуға уәде берді.
Дереккөз: bnews.kz
11 сәуір 2013, 10:36
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.