Атырау, 23 қараша 18:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

От кешкен боздақтарға құрмет

2 600 просмотра

8 сәуірде қалалық демалыс саябағында «Біздің Ұлы Жеңісіміз» халықаралық автошеруі қатысушыларыменсалтанатты кездесу болып өтті.

Жоба командирі Олег СМОСАРЕНКОНЫҢ айтуынша, шеру 23 наурызда батыр қала Севастопольде басталған. Маршрут Ресейдің, Украинаның, Молдавияның, Белоруссия мен Қазақстанның 95 қаласы арқылы өтеді. Олардың 13-і батыр қала, 37-і әскери даңққа ие болған, 10-ы І дәрежелі Ұлы Отан соғысыорденімен марапатталған қалалар. Автошеру 9 мамыр күні Мәскеуде Қызыл алаңда мәресіне жетеді. Автошеруге қатысушылар - республика болып танылмаған Приднестровье, Оңтүстік Осетия өкілдері мен Қырым сепаратистері. Олар әр қалада 10 да 20 метр көлемдегі туды – Ұлы Жеңіс Байрағының дәл көшірмесін жайып, барлық өткіншілердің оған қол тигізуіне мүмкіндік жасайды.

Флешмоб біздің саябақта да өтті. Автошеру қатысушылары мен алғашқы әскери дайындық киімін киген оқушылар қызыл байрақтың әр шетінен ұстап, орталық аллея бойымен жүрді. Анна ЗАХАРОВА жетекшілік ететін, соғыс және еңбек ардагерлерінің «Фронтовичка» халық ансамблі соғыс жылдарының бірнеше әндерін айтты. Бұл акцияның астарында жатқан саяси мүдделілік қазақстандықтарды тіптен толғандырмады, ал Жеңіс туының біз үшін маңызы зор. Өйткені, басқасын былай қойғанда, Ұлы Отан соғысы майданында біздің облысымыздан 13 мың жауынгер қаза болды ғой.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.