Атырау, 2 қазан 15:19
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Биыл қай үйлер терможаңғыртудан өтеді (тізім)

923 просмотра

2023 жылы Атырауда терможаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі 25 тұрғын үй жөндеуден өтеді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл 25 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Олардың ең ескісі 1945 жылы салынған, ең «жаңасына» 20 жыл болған. Жөндеу жұмыстарымен қатар тоғыз қабатты үш үйде лифтілер ауыстырылады. Жалпы құны 1,3 млрд теңгенің жұмысы сәуір айында басталады деп жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары келесі мекенжайларда жүргізіледі:

Азаттық даңғылы, 46

Азаттық даңғылы, 42а

Азаттық даңғылы, 40

Азаттық даңғылы, 77 үй

Әуезов көшесі, 28 үй

Әуезов көшесі, 50 үй

Әліпов көшесі, 2 үй

Амангелді көшесі, 9 үй

Авангард ы/а -3, 7 үй

Бейбітшілік көшесі, 78 үй

Баймұханов көшесі, 1 үй

Құрманғазы көшесі, 1а үй, 1 блок (+ лифт)

Лесхоз ы/а, 12 үй

Лесхоз ы/а, 9 үй

Лесхоз ы/а, 24 үй

Молдағалиев көшесі, 5 үй

Молдағалиев көшесі, 7 үй

Молдағалиев көшесі, 5 үй (+лифт)

Молдағалиев көшесі, 7 үй (+лифт)

Привокзальный-3 ы/а, 17 үй

Привокзальный-5 ы/а, 12 үй

Привокзальный-5 ы/а, 24 үй

Привокзальный-5 ы/а, 26 үй

Сарыарқа ы/а, 29 үй

Сарыарқа ы/а, 31 үй.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниет білдірген мердігерлерді жалпы жиналыста тұрғындар өздері таңдайды деп сендірді әкімдік. «Мердігер мекемелелерді таңдауды ашық ету мақсатында БАҚ-та және Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтында жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтінім беру туралы хабарландырулар жарияланады», - делінген мемлекеттік органның хатында.

Терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудың барлық кезеңінде – 2011-2022 жылдар аралығында облыс орталығында жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге 176 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді.

Лев ГУЗИКОВ

17 ақпан 2023, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.