Атырау, 18 желтоқсан 14:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

ККЖ-ҰЕҚБЖ: «Жұмысшылар жұмыс көлемінің аяқталуына қарай кезекпен босатылады»

2 094 просмотра

Биыл Теңіз кенішінен 31 мың жұмысшы жұмыстан босатылады деп күтілуде. Ал 2022 жылы 17 мың жұмыс орны қысқартылды. Бұл туралы Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын түзету жөніндегі қоғамдық тыңдауда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан ӘБІЛҚАСЫМОВ мәлім етті.

«АЖ» сауалына ТШО баспасөз қызметі жұмыстан босатылатын қызметкерлердің саны туралы ақпарат жоба көлемі бойынша жұмыс барысына байланысты өзгеріп отырады деп жауап берді. Олардың айтуынша, ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс көлемінің аяқталуына қарай осы жұмыс көлеміне сәйкес жұмысшыларды стандартты және кезекпен шығару жалғасады.

- Осы жобаның арқасында ТШО жергілікті оқытылған және білікті мамандар қорын құруға көмектесті – бұл 32 000-нан астам қазақстандық. Олар алған тәжірибесі мен білімін кейін елімізде және одан тыс жерлерде басқа да ірі жобаларда қолдана алады, - деп ТШО баспасөз қызметі атап өтті.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 ақпан 2023, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.