Атырау, 28 қараша 15:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Пандемия салдары: ККЖ жобасы 1,7 миллиард долларға қымбаттады

1 701 просмотра

Биыл Теңіз кен орнын Келешек кеңейту жобасының бюджеті өзгертіліп, 1,7 миллиард долларға қымбаттады. Бұл туралы кеше энергетика министрі Болат АҚШОЛАҚОВ хабарлады.

ТШО баспасөз қызметі «АЖ» сауалына жобаның қымбаттауы, атап айтқанда, «Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы» (ККЖ-ҰЕҚБЖ) құрылыс жұмыстарындағы COVID-19 пандемиясынан туындаған қиындықтарға байланысты деп жауап берді. Ол кезде «Теңізшевройлға» персоналды бірнеше рет демобилизациялауға және қайта демобилизациялауға тура келген еді.

– Осы кезеңде мердігер компаниялар қызметкерлерінің жалақысы сақталып, тиімді қауіпсіздік шаралары енгізілді. Бұл вирусты дер кезінде анықтап, қорғау арқылы мыңдаған қызметкерлердің іс-әрекетке қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта құрылыс және жүйелерді аяқтау кезеңі аяқталып жатыр, - деп атап өтті ТШО баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 ақпан 2023, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.