Атырау, 23 желтоқсан 10:40
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тортпен "есептесті"

Бейнежазба
2 196 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырау патрульдік полиция қызметкері кінәлі жүргізушіден өзі қалаған тортпен есептеспек болғаны жөнінде жазба тарады.

Яғни, оқиға былай өрбиді: жүргізушінің сақтандыру полисінің болмауына байланысты хаттаманы толтырмай, жіберуін өтінген. Полиция қызметкері келісіп, үйіне Алмагүл ықшамауданындағы тәттілер сататын дүкеннен торт алып бер деген. Олардың диалогы телефон камерасына түсірілген.

Тәртіп бұзушы барлығын полицейдің сұрағанындай жасады: ол тапсырысқа сәйкес торт сатып алады, тауарды және телефон арқылы түбіртекті көрсетіп, содан кейін тәртіп сақшысы оқиға орнына келеді. Бақылау камералары патрульдік көліктің «Бақдәулет» сауда орталығына қалай келгенін, оған жас жігіттің тортпен қалай кіріп, бос шыққанын түсіріп алған. Полиция көлігінің мемлекеттік нөмірі де жазылған. 

Атырау қалалық полиция басқармасы: "Оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсан күні орын алған. Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, патрульдік полиция батальонының екі қызметкері (екіншісі қызметтік көлік жүргізушісі болуы мүмкін- Л.Қ.) келеңсіз себептермен жұмыстан шығарылды" деп хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба 

18 қаңтар 2023, 23:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.