Атырау, 26 қараша 06:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қолжетімді жаңа баспананың шаршысы 90 мың теңге

3 192 просмотра

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылысының жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуде. Оған қатысушылар үшін толық әрленген алаңның шаршы метрі 90 мың теңгеден аспайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы баспананы салу және өткізу механизмі туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының директорының орынбасары Алмагүл ӘЛЖАНОВА әңгімеледі.

- Бұл былайша көрініс табады: жергілікті атқарушы орган банкпен мақұлданған жобаны таңдағаннан кейін баспананы салу және оны пайдалануға беруді қамтамасыз етеді. Содан соң банк тұрғын үй құрылысының жинағы жүйесіне қатысушылар қатарынан баспананы сатып алушылар пулын қалыптастырады және оларға пәтерлерді бөледі. Осыдан кейін пулға қатысушылар жинаған жинақтарының және банк ұсынған тұрғын үй заемдарының есебінен пәтерлер сатып алады.

Пулды сатып алушыларды қалыптастыру кезінде баспананы пайдалануға беруде тұрғын үй заемын алу шарттарын орындайтын банк салымшылары басымдыққа ие бола алады. Сондай-ақ, баспананы сатып алу аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары есебінен де жүзеге асырылады, - дейді А.Әлжанова.

2011-13 жылдардағы бағдарлама аясында Қазақстанның барлық облыстарының, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен 80,84 млрд. теңге бөлінетін болады. Толық әрленген бір шаршы метрдің құны Алматы үшін 142,5 мың теңгеден, Астана мен Ақтау үшін 112,5 мың теңгеден, басқа аймақтар үшін (Атырау облысын қосқанда) 90 мың теңгеден аспайды.

- Қазір сызбалық жобаны мақұлдау жүріп жатыр. Шамамен биылғы жылдың аяғында Нұрсая ықшам ауданында екі үй салынып, пайдалануға берілетін болады, - дейді А.Әлжанова.

Несиелеу шартын жеңілдету, әкімдік салған баспананы уақытында және толықтай сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаржысын бөлу қарастырылуда.

Бұдан басқа, бағдарламада 2-3 санатты қолайлылық деңгейі бойынша үй құрылысын әрі қарай қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру тұрғысында қолдау көрсету қарастырылады. Ол үшін 2011 жылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ын республикалық бюджеттен 57 миллиард теңгеге капиталдандыру жүзеге асырылатын болады. Банк екінші деңгейлі банктердегі шартталған депозиттерді баспана құрылысы құнының 50 пайызы мөлшерінде салатын болады, ал қалған 50 пайыз – банктердің өз қаржылары. Негізгі қарыз алушы (құрылыс салушы) үшін сыйақының тиімді мөлшерлемесі жылдық 12 пайыздан аспайтын болады.  

Баспана құрылысы нысандарының тізімін банк жергілікті атқарушы органдардың мақұлдауымен құрылыс салушылармен бірігіп жасайтын болады және оны ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекітеді.

Баспананы сату екінші деңгейлі банктерді таңдау бойынша кейін ипотекамен сатылатын депозиттік-жинақ жүйесін, әрі қарай бөліп төлеумен сатылатын депозиттік-жинақтау жүйесін, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады. Баспананы сатудың басқа да сызбалары бар.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 наурыз 2011, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.