Атырау, 28 қараша 22:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2023-2025 жылдары облыстық бюджет қаражаты қайда жұмсалады

1 932 просмотра

Атырау облысы мәслихатының сессиясында депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті қабылдады. Жылдар бойынша шығындар: 2023 жылға – 446,7 млрд, 2024 жылға – 464,9 млрд және 2025 жылға – 474,4 млрд.

Депутаттар бюджетте «Бәйтерек» қорынан тұрғын үй құрылысына несие ретінде алынған 8,8 миллиард теңге қарызды есепке алды.

Шығындар сала бойынша бөлінді. Атап айтқанда, облыстық мәслихаттың қажеттілігіне 12,1 млн теңге; жұмылдыру дайындығы басқармасына – 1 млрд 122 млн; Полиция департаментіне материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 4 млрд 262 млн; Білім басқармасына «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицейін құруға – 282,2 млн.; 1-4 сыныптардағы аз қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруға – 2 млрд 148 млн; Балауса ықшам ауданындағы жаңа мектепті ұстауға – 377,8 млн.; Қызылқоға және Индер аудандарындағы жасөспірімдер клубтарын ұстауға – 81,5 млн.; 6 мектеп пен 1 балабақшаны күрделі жөндеуге – 3 млрд 092 млн; денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем стансасының автокөліктерін техникалық тексеру және сақтандыруға – 184,7 млн.; мемлекеттік медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 4 млрд 747 млн; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне – 242,7 млн.; мүгедектерді санаториялық емдеуге – 696 млн; мүгедектерге техникалық көмек көрсету үшін - 307 миллион теңге.

Әлеуметтік маңызы бар жобалардың бюджеттік инвестициясына – 59,7 млрд теңге, көлік инфрақұрылымына – 2,7 млрд теңге, инженерлік инфрақұрылымға, кәріздік тазарту қондырғысының құрылысына – 14,4 млрд теңге, экологиялық бағдарламаларға – 6,1 млрд теңге, газдандыруға – 669 млн теңге.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 желтоқсан 2022, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.