Атырау, 28 қараша 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысында 313 отбасына 12,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі берілді

1 820 просмотра

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тұрғын үй көмегі беріледі. Мөлшерін және тәртібін жергілікті өкілетті органдар айқындайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өткен тоқсанның табысы мен өткен тоқсанға төленген шығыстар қаралады.

- Тұрғын үй көмегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және тұрғынжайларды пайдаланғаны үшін төленген шығыстар сомасы мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілетті органдар белгілеген шекті жол берілетін үлесі арасындағы айырма ретінде айқындалады. Атырау облысы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жол берілетін шектің үлесі 5% құрайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысы ретінде ҚР және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі. Осы жылдың 1-қарашасына облыстағы аз қамтылған 671 адамнан тұратын 313 отбасына 12,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді, - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ.  

Оның айтуынша, зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, аз қамтылған азаматтар, балалар мен қарт адамдарға күтім жасап отырғандар тұрғын үй көмегін алушылардың санатына жатады. 

Айта кетейік, тұрғын үй көмегін алу үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш жолдауға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы тиісті құжаттармен бірге өтініш беруге болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 желтоқсан 2022, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.