Атырау, 28 қараша 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шәпкенов үкімет отырысында балық шаруашылығымыз туралы баяндады

1 501 просмотра

6 желтоқсанда премьер-министр Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ төрағалағымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы мен балық саласын дамыту мәселесі қаралды. Онда Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ балық шаруашылығы саласын дамыту туралы баяндама жасады.

Аймақ басшысының мәліметінше, 2022 жылдың 11 айы ішінде Каспий теңізі, Жайық және Қиғаш өзендерінен 14 тоннаға жуық балық ауланған. Оның 13,2 тоннасы өңделіп, 12,7 тонна өнім Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Израиль және өзге де шет мемлекеттерге экспортталды. Сондай-ақ Атырау облысында балық қорын сақтау және оны молайту бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

- Атап айтсақ, жыл сайын Жайық өзеніне 8 млн дана шабақ суға жіберіледі. Жайық және Қиғаш өзендеріне 2017-2021 жылдар аралығында 169 шақырым түп тереңдету жұмыстары жүргізілсе, 2022-2026 жылдары аралығында 295 шақырымға қазу жұмыстары жүргізіледі. Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізіледі. Биыл 2620 әкімшілік және 62 қылмыстық іс тіркелді. Жайық-Каспий облысаралық Балық шаруашылығы инспекциясының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 2019-2021жж. жылдам жүретін «Corvet 600»-10 дана катері, «Mercury 200» маркалы 10 дана аспалы моторы, 1 бранвахта, 9 автокөлік алынды, - деді С.Шәпкенов.

Ол өңірімізде балық аулаумен қатар тауарлы балық өсіруді дамыту жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

- 2025 жылға дейін 16,3 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 8-і балық өсіру шаруашылығымен айналысса, біреуі балық өңдеу цехы ретінде салынады. Нәтижесінде тауарлы балық өсіру көлемі 78 тоннадан 15 мың тоннаға, балық өнімін экспорттау көлемі 12,7 мың тоннадан 25 мың тоннаға артады, 511 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады, - деді С.Шәпкенов.

Жалпы Атырау облысында 21 балық шаруашылығы субъектісі бар, оның ішінде 19-ы кәсіптік балық аулау және 2-і тауарлы балық өсірумен айналысады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ӨКҚ жолдады

7 желтоқсан 2022, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.