Атырау, 19 қараша 10:27
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

1 552 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады" делінген хабарламада.

Заңға сәйкес қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі босатылады.

Заңның негізгі мақсаты – 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығындағы кезеңде жаппай тәртіпсіздіктер жағдайында арандатушылар ықпалына түсіп, қылмыстық әрекеттер жасаған адамдарды жазалау мерзімін қысқарту және жазасын өтеуден босату. 

Заң Қылмыстық кодекстің адамгершілікке жататын баптарының тізбесін, рақымшылық жасаудың шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың адамдарды орналастыру, жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру құзыретін белгілейді.

2 қараша 2022, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.